Коронавирустық пневмонияға бір тәулікте 71 адам шалдықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 101 адам емделіп шықты. ҚазАқпарат бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы, 1 тамыздан бастап коронавирустық пневмонияға 46 737 адам шалдықты, оның ішінде 34 422-сі жазылып шықты, қайтыс болды – 534 науқас.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен бір тәулік ішінде елімізде коронавирус 972 адамда анықталды. Сондай-ақ 600-ге жуық адам індеттен айықты.

Жалпы, пандемия басталғалы коронавирус 167 118 адамда тіркелсе, соның ішінде 152 437-сі жазылды, 2349 науқас қайтыс болды.


Соңғы жаңалықтар