Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина жоқ – Бекшин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытайда тарап жатқан коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина жоқ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер Қазақстанда коронавирустық инфекциямен ауырып қалған жағдай тіркелсе,ең алдымен, науқасты оқшаулау қажет. Коронавирусқа қарсы арнайы дәрі-дәрмек жоқ, вакцина да әзірленген жоқ. Вакцина әзірлеу үшін көп уақыт, тіпті бір жылға жуық мерзім кетеді. Одан кейін оны өндірушіге беру керек, содан соң тарату қажет. Бұл оңай мәселе емес», - дейді Жандарбек Бекшин.

Ол мұндай дертке шалдыққан адамға симптомдарына қарай ем жүргізілетінін айтты.

«Жөтел, әлсіздік, дене қызуы көтерілу жағдайы болса дереу дәрігерге қаралу керек. Жалпы, бұл дерттен көз жұмғандардың орташа жасы 65 жастан асқандар. Олардың иммунитеті төмен, сәйкесінше өліммен аяқталады. Сол себепті асқынбай тұрып медициналық көмекке жүгіну керек», - деді ол.



Соңғы жаңалықтар