Коронавирусты жұқтыру қаупін қалай азайтуға болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда кәсіпкерлік субъектілері мен жеке тұлғалар тарапынан санитарлық-эпидемиялық талаптардың бұзылуы азаймай отыр. Осыған байланысты, қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова коронавирус инфекциясына қатысты кеңінен тараған сұрақтар және алдын алу шаралары жөнінде айтып берді.

Коронавирусты жұқтыру қаупін азайту үшін не істеу керек?

– Қала тұрғындары арасында індетті жұқтыру қаупін азайту үшін мыналарды қамтамасыз ету қажет:

- көпшілік іс-шараларға (отбасылық, естелік, салтанатты тойлар, мерейтойлар, ас, еске алу, ойын-сауық, кинотеатрлар, көрермендердің қатысуымен спорттық т.б.шаралар), оның ішінде үйде өткізілетін іс-шараларға қатысты тыйымның сақталуы;

- барлық күндері ойын-сауық орындарының ( түнгі клубтар, караоке) және арнайы тамақтану нысандарының (банкет залдары, барлар, фудкорт); сондай-ақ жексенбі күндері азық-түліктік және азық-түліктік емес жабық базарлардың жұмысына тыйым салуды сақтау;

- меншік нысанына қарамастан, қалалық нысандардың жұмыс берушілері қызметкерлердің көп бөлігін, бірінші кезекте 50 жастан асқан қызметкерлердің жұмысын қашықтан қамтамасыз ету;

- мектептер мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде кезекші топтардың жұмысын жалғастыра отырып, білім беру мекемелерінің (мектептер, балаларды түзету кабинеттері, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары) қашықтан жұмыс істеу режимін сақтау;

- көп пәтерлі үйлердің кіреберістері мен балалар алаңдарын профилактикалық дезинфекциялауды қайта бастау (аптасына 3 рет);

- қоғамдық көлікте, қоғамдық тамақтану нысандарында және демалыс орындарында (саябақтарда, бульварларда, гүлзарларда және т.б.) әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтауды шектеу тексерулерінің сақталуын бақылау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысын қайта бастау.

– Маска режимін сақтауға қатысты айтсаңыз

– Қоғамдық орындарда, адамдар көп өтетін көшелерде, оның ішінде қоғамдық көлікте бетперде кию вирустың ауамен таралуына жол бермейді. Өздеріңіз білетіндей, адамдар коронавирус инфекциясымен симптомсыз ауыруы мүмкін және бұл туралы білместен, қоғамдық орындарда жүрген кезде маскаларды қолданбау арқылы басқаларға жұқтыру қаупін тудырады. Әрине, тығыз байланыста немесе бір бөлмеде ұзақ уақыт болған кезде маскалар вирустардан кепілдендірілген қорғауды қамтамасыз етпейді, бірақ бұл ықтималдығын айтарлықтай төмендетеді. Барлық адамдардың маскаларды қолдануы қоғамдағы ықтимал науқастың 90% - на дейін жұқтыру қаупін азайтады.

Қоғамдық көлікпен жүрген кезде қандай ережелерді ұстану керек?

– Міндетті түрде маска кию, көзді, ауыз және мұрынды ұстамау, қолды өңдеу үшін антисептик қолдану, лық толған қоғамдық көлікке отырмау.

– Қызметкерлердің санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс беруші қандай шараларды қолға алуы керек?

–Қызметкерлердің санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілер қызметкерлердің кемінде 30% - ын қашықтан жұмыс істеуін, бірінші кезекте 50 жастан асқан қызметкерлердің жұмысын қамтамасыз етуі, сондай-ақ қызметкерлер мен келушілердің бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауын қамтамасыз етуі, үй-жайлардың желдетілуіне және қолды өңдеуге арналған санитайзерлермен жеке гигиенаны сақтауға жағдай жасауы қажет.

– Ата-аналарға қандай ұсыныстар бере аласыз? Мектептер мен балалар алаңдарына, кезекші топтарға бару кезінде балаларды қалай қауіпсіздендіруге болады?

– Мектептердегі кезекші сыныптарға баратын балалардың ата-аналарына арналған ұсынымдар қоғамдық орындардағы іс-әрекеттерге ұқсас, бірақ ата-аналар мен мектеп басшылығы тарапынан, сондай-ақ міндетті күнделікті фильтрменбақылау керек, егер бала сырқаттанып қалса немесе ЖРВИ белгілері анықталған жағдайда оны нақты диагноз қойылғанға және сауыққанға дейін шеттету қажет.

– Жалпы, коронавирустың ықтимал жаңа толқынының басталуына байланысты тұрғындарға қандай ұсыныстар бересіз?

– Тұрғындарға коронавирустың күтіліп отырған жаңа толқынының басталуына байланысты стандартты сақтық шараларына бей-жай қарамауды, қонақтарды шақыру арқылы жаппай отбасылық іс-шаралар өткізбеуге, адамдар көп жиналатын жерлерге барудан аулақ болуға, қатты қажеттілік туындамаса, қоғамдық көліктермен жүруден және шет елдерге ұшудан аулақ болуға, кішкентай, қарт және жасы егде тартқан отбасы мүшелерін қорғауға кеңес береміз. ЖРВИ белгілері пайда болған жағдайда өзін-өзі емдеумен айналыспау керек, отбасының басқа мүшелерінен оқшауланыңыз және дәрігерді үйге шақырып, медициналық көмекке жүгініңіз.


Соңғы жаңалықтар