Коронавирусты жұқтыру деңгейі бес өңірде 6 есеге өсті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирусты жұқтыру деңгейі 6 есе өскен өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймақта, ал қалған өңірлер «жасыл» аймақта тұр. КВИ-дің өсуіне байланысты өңірлерде эпидемиологиялық бақылау мен профилактикалық жұмыс күшейтілді. Аурудың ең көп өсуі еліміздің 6 өңірінде байқалды. Бұл аймақтарда соңғы екі аптада сырқаттану 5 есе және одан жоғары деңгейде өсті. Оның ішінде Ақтөбе облысында, Батыс Қазақстан облысында, Қарағанды облысында, Павлодар облысында, Ақмола облысында 6 есе, ал Қостанай облысында 5 есе көтеріліп отыр», - деді А. Ғиният.

Оның айтуынша, ауру 3-тен 5 есеге дейін өскен өңірлердің екінші тобына республиканың 5 өңірі енді. Аурудың 3 есеге дейін өсуі еліміздің 6 өңірде анықталды.

«Соңғы аптада Алматы қаласында КВИ-ге қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, министр қыркүйек айында коронавирустың таралуы төмендеуі мүмкін екенін айтты.


Соңғы жаңалықтар