Коронавирусты жеңіл көтеретіндерге мобильді бригадалар ақылы көмек көрсетеді - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирусты жеңіл және симптомсыз көтеретін адамдарға көшпелі бригадалар ақылы қызмет көрсетеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Коронавирус жұқтыру күдігі болған адамдарға, індетті жеңіл немесе белгісі жоқ күйде көтеретін азаматтарға амбулаториялық көмекті мобильді көшпелі бригадалар көрсетеді. Осы күнге дейін 380 бригада құрылып қойды. Олардың санын 3 мыңға жеткізу көзделіп отыр. 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап көшпелі бригадалардың қызметі үшін арнайы тариф белгіленді. Ал емханаларға тіркелген халық учаскелік дәрігерлерден консультациялық көмек ала береді», - деді Алексей Цой бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, емханаға анықтама бойынша барғандарға карантиндік фильтрлар арқылы қызмет көрсетіледі.
Еске сала кетсек бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралған болатын. Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге қатаң шектеу шаралары енгізілетін болды.
- Дәрігер коронавирустың адам өкпесіне тигізетін әсері туралы айтты
- Әзербайжанда карантин режимі жеңілдеді
- Алматы облысында қашықтан оқыған 300 оқушыдан коронавирус анықталды
- Алматыда карантин шараларын күшейту туралы жаңа қаулы жарияланды
-
Карантин күшейтілген кезде Бурабай курортына баруға бола ма
-
Ақмола өңірінде облыс, қалааралық автобустардың қозғалысына тыйым салынды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам