Коронавирусты үйден емдеу: 1 миллион қазақстандыққа тегін дәрі-дәрмек беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирус инфекциясының қайтадан өршіп кетуіне жол бермеу үшін қандай шара қабылданып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясының қайтадан өршіп кетуіне жол бермеу үшін біріншіден, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылданды. Аймақтар дәрі-дәрмектің 91 түрі бойынша құны 14 миллиард теңгелік қосымша заттарға өтініш жасады. Коронавирус бойынша дәрі-дәрмек қоры жиналды. Жоғарыда аталған соманың 11,4 млрд теңгелік дәрі-дәрмегі тиеліп, аймақтарға жеткізілді. Аймақтардың бәрінде қажетті дәрі-дәрмектер бойынша құны 13 млрд теңге болатын қосымша тұрақтандыру қорлары құрылды. Амбулаториялық деңгейде берілетін дәрі-дәрмектің тізімі ұзартылды», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Министрдің айтуына қарағанда коронавирусты үйден емдеу үшін 1 миллион адамға жыл соңына дейін тегін дәрі-дәрмек қарастырылған.

«Сонымен қатар, тұмауға қарсы 2,2 млн вакцина сатып алынды. Екпе жұмыстары 15 қыркүйекте басталды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар