+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Коронавирусты емдеуге арналған дәрілер жайында нені білу қажет

2020 жылғы 9 шілде 10:34
Бөлісіңіз:
Коронавирусты емдеуге арналған дәрілер жайында нені білу қажет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әрбір дәрілік заттың өзіндік қарсы көрсетілімі мен жанама әсері болады. Бірақ, қандай да бір дәріні ішіп не болмаса күшті антибиотикті шприцке сорып жатып көпшілік оны қаперге ала бермейді. Осыған орай дәрі-дәрмектердің ең танымал түрлерін іріктеп алып, олардың пайдасы әлде зиян көп пе екендігінің ара-жігін ажыратуға тырыстық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кез келген дәрілік препаратты дәрігер науқастың денсаулығының жай-күйіне, ондағы симптомдар мен тәуекел факторларына, жоғары қан қысымы, қант диабеті немесе жүрек-қан тамыры ауытқуларына байланысты ғана жазып беретіндігінен бастайық. Егер сіз «өз-өзіңізге дәрігер болсаңыз» дәрі қорабын аша сала оның қолдануға арналған нұсқаулығын ашып қарамастан қоқыс жәшігіне батыл түрде лақтырып жіберетін болсаңыз, онда мыналарды білуіңіз қажет.

Ыстық түсіретін дәрілер

Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімінде отандық және шетелдік өндірушілер шығаратын, халықаралық патенттелмеген Парацетамол деген аты бар және түйіршек, суспензия, суппозиторий, ұнтақ түріндегі құрамында парацетамолы бар препараттың 86 атауы тіркелген. Таңдау өте көп. Бұл ретте сіздің қандай таңдау жасайтындығыңыз маңызды. Айталық, барлығына белгілі әрі жақсы көретін парацетамол әсіресе бауыр мен бүйрекке өте уытты. Ол бақылаусыз әрі еш себепсіз ішкен кезде ааллергиялық аурулардың және созылмалы демікпенің ушығу тәуекелін арттырады. Егер тұмаумен немесе қызылшамен ауру кезінде бұл дәріні ішетін болсаңыз Рея синдромы не болмаса өткір бауыр жетіспеушілігін қоздырып, адам өліп те кетуі мүмкін. Ал кеңестің замандағы танымал анальгин қан жасушыларының түзілуін зақымдап, қанырауға және аллергиялық реациялардың ауыр түріне алып келуі ықтимал.

Ибупрофен - ыстық түсіретін дәрілердің ішіндегі ең қауіпсіздеуі. Дегенмен бұл дәріні ішкен кезде жүрек айнып, лоқсу болуы мүмкін. Асқазанның шырышты қабығы тітіркенуі мүмкін. Дәріні бақылаусыз ішу созылмалы гастрит, асқазан жарасын өршітіп, ағзадағы сұйықтықтың іркілуіне, көру қабілетінің бұзылуына алып келуі мүмкін. Оны парацетмолмен бірге ішуге болмайды.

Қазақстанның коронавирус инфекциясын емдеу жөніндегі клиникалық хаттамасында ыстық түсіретін осы екі дәрі ұсынылады. Бірақ, дозасы шектеулі және дене қызы 38 градустан жоғары болған кезде ғана пайдалану керек. Дозасы 500 мг Парацетамолды немесе 200-400 мг Ибупрофенді тәулігіне 4 түйіршектен артық ішпеу қажет.

Сонымен қатар сіз қалтырау инфекциялық-қабыну процесіне ағзаның қорғаныс реациясы екендігін білуге тиіссіз. Дене қызуы көтерілген кезде инфекция қоздырғыштары баян көбейеді, ал иммундық жүйе белсенді бола түсіп, иммуноглобулиндер мен интерферондар көптеп түзіледі. Сондықтан дене қызуын барлық уақытта бірдей түсіре беруге болмайды. 38 градусқа дейін ол қайта ағзаның күресуіне көмектеседі.

Вирусқа қарсы препараттар

Вирусқа қарсы сипаттағы 29 препараттың ішінде Денсаулық сақтау министрлігі ЖРВИ мен өткір респираторлқ ауруларды кешенді емдеу үшін тек 23 дәрілік затты ішуге кеңес береді. Олардың қатарында Арпефлю, Ремантадин, Эргоферон, Ингавирин, Арбидол және Кагоцел бар.

Ең алдымен, олардың COVID-19-ды емдеу кезіндегі тиімділігі дәлелденбеген және амбулаторлық жағдайда емдеудің клиникалық хаттамасында вирустың жеңіл түрі кезінде вирусқа қарсы препараттарды қабылдауға баланысты да ештеңе айтылмаған. Екіншіден, бұл препараттардың көмегімен иммунитет жасанды түрде қолдау алыпотырады. Ал адам оларды ішуді қофған сәттен-ақ ағза толықтай қорғаныссыз қалады. Демек, ауруға шалдығу мүмкіндігі бірнеше есе арта түседі деген сөз.

Антибиотиктер

Вирусқа қарсы препараттармен қатар антибиотиктер еш талғамастан қолданылады. Сізд вирустық инфекцияны антибиотикепен емдеудің еш пайдасы жоқ екендігін білесіз бе? Бұған қоса аурудың жеңіл түрі кезінде антибиотик ішуге кеңес те берілмейді. Антибиотиктерді ұзақ уақыт ішу оған төзімділікті арттырады. Демек, шынайы қажеттілік кезінде немесе аурудың ауыр ағымы кезінде дәрігерлер сізге емдеу әдісін және препараттарды іріктеуде қиналатын болады. Бұған қоса, бауыр мен бүйректі химиялық заттармен толтырып тастау тәуекелі де жоғары.

Егер сіз мұндай терапия көмегіне жүгінсеңіз немесе оны дәрігер тағайындаған болса мына ережені қаперден шығармаңыз.

Антибиотиктерді пробиотиктермен бірге ішкен жөн. Оларды барлық уақытта толық емдеу курсымен ішу қажет. Егер препаратты бұрын пайдаланбаған болсаңыз, онда алғашқы укол салмай тұрып сезімталдыққа тест жасаған дұрыс. Олар көрсеткіш бойынша және дұрыс режимде ғана қолданылатын болса балалар мен жүкті әйелдерге қолдануға болады. Түйіршегіне қарағанда укол түріндегісі жақсырақ. Антибиотик қабылдаған кезде ішімдік ішуге болмайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT