+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Коронавирусты анықтауға арналған 8 мобильді зертханалық кешен сатып алынады

2020 жылғы 28 қазан 14:43
Бөлісіңіз:
Коронавирусты анықтауға арналған 8 мобильді зертханалық кешен сатып алынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Күз-қыс кезеңінде тәулігіне коронавирусты анықтауға арналған 73 мың зертханалық зерттеу жүргізіледі. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл ЖРВИ, тұмау, коронавирус қатар жүреді, оған жеңіл-желпі қарауға болмайды – дәрігер «Шұғыла» қоғамдық қорының құрылтайшысы пандемия кезінде қалай жұмыс істегендері туралы айтты Алматыда коронавируспен күреске 89,4 млрд теңге жұмсалды

Үкімет басшысының атап өтуінше, қазіргі уақытта ПТР тестілеу 134 зертханада жүргізіледі. Оның ішінде 26 зертхана санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің, 69-ы жекеменшік және 39-ы медициналық ұйымдардың базасында жұмыс істеп тұр. Тестілеу қуаты тәулігіне 67 248 талдаманы құрайды.

«ПТР-амплификатордың 20, ДНҚ мен РНҚ-ны бөлуге арналған автоматтандырылған жүйенің 20 бірлігі жеткізілді. «ҚДБ-Лизинг« АҚ-пен 8 мобильді зертханалық кешен жеткізуге арналған келісімшарт жасасу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үкімет резервінен 1 200 000 зерттеуге арналған тест сатып алуға 13,8 млрд теңге бөлінді. Бұл шаралар күз-қыс кезеңінде зертханалық зерттеулер қуатын тәулігіне 73 мыңға дейін жеткізуге мүмкіндік береді», - деді Асқар Мамин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT