+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Коронавирусты анықтау үшін 14 күндік карантин жеткілікті ме – министр жауабы

2020 жылғы 25 ақпан 20:19
Бөлісіңіз:
Коронавирусты анықтау үшін 14 күндік карантин жеткілікті ме – министр жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін 14 күндік карантин жеткілікті ме? Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Карантин мерзіміне қатысты түрлі ой-пікірлер бола береді. Бірақ біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тікелей кеңесімен осындай шешім қабылдап жатырмыз. Жалпы басқа да министрліктермен тікелей байланыстамыз. Бүкіл дүние жүзінде карантин мерзімі 14 күндік тәртіппен жүргізіледі. 14 күннен кейін тағы 10 күн телефон арқылы бақылауда ұстаймыз. Себебі әрбір адамның генетикасы әртүрлі», - деді Елжан Біртанов «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында.

Айта кетсек бұған дейін Денсаулық сақтау министрі елімізде коронавирус инфекциясының алдын алу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтып берген еді. Оның айтуынша жалпы дүние жүзі вирустың жаңа түрі бойынша қиын жағдайда. Әрбір мемлекет өзінің заңы бойынша азаматтарын қорғауда.

«Біздің де негізгі мақсатымыз – халықтың денсаулығы. Ешқандай қауіп жоқ. Тек карантин. Осы уақытқа дейін Уханнан 300-ге тарта өз азаматтарымызды, басқа шетелдік азаматтарды әкеліп, карантиннен өткіздік. Ешқандай коронавирус табылған жоқ. Бәрі үйлеріне тарап кетті. Қазір де Қытайдан келетін азаматтарға карантин енгізілетін болады. 20 ақпаннан бастап 160 адам карантинде жатыр. Олардың ішінде отандастарымызбен бірге ҚХР-дың да, басқа елдің де азаматтары бар», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT