НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 14 қаңтардағы мәлімет бойынша, 44 794 адам коронавирус инфекциясынан (–43 075+ және 1 719 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 495 пациент стационарда, 40 299 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 208 адамның жағдайы ауыр,
• 76 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.