Коронавирустан жыл басынан астанада 1600 адам қайтыс болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың басынан бері Нұр-Сұлтан қаласында 1600-ден астам адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Муратов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Өткен жылы наурыз айында пандемия басталғаннан бері ПТР тестімен диагнозы расталған 652 адам коронавирустан қайтыс болды. Ал биылғы тоғыз айда 1681 адам көз жұмды. Балалар арасында коронавирус диагнозынан қайтыс болғандар жоқ, олардың қатар жүретін ілеспе аурулары болды. Сондай-ақ, қайтыс болғандардың арасында екі жүкті әйел бар», - деді Тимур Мұратов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Қазіргі уақытта елорда бойынша 990 төсек-орын қоры бар 7 инфекциялық стационар қызмет етеді. Таңғы мәліметке сәйкес 578 адам ковидті стационарларда ем қабылдап жатыр, төсек-орынның 58,4% науқастар жатыр.

Елорда бойынша вакцина алуға жататын халық саны 647 мың адам. Оның 68 пайызы немесе 436 мыңнан астам азамат вакцинаның бірінші компонентін алды, ал толық иммундаудан 401 мыңнан көп азамат өтті.

Сонымен бірге, Нұр-Сұлтанда вакцинацияға медициналық қарсы көрсетілімі барларға «жасыл» мәртебе беріледі.


Соңғы жаңалықтар