+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Коронавирустан жазылғандар тегін оңалтудан өту үшін не істеуі керек

2021 жылғы 26 қыркүйек 20:38
Бөлісіңіз:
Коронавирустан жазылғандар тегін оңалтудан өту үшін не істеуі керек

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өткен жылдың қаңтар айынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілгені белгілі. Арада бір жылдан астам уақыт өтсе де, ел арасында осындай жаңашылдықты түсінбей жатқандар аз емес. Жұрттың МӘМС жүйесіне төленетін жарналарға, медициналық қызметтің сапасына және қолжетімділігіне байланысты сауалдары көп. Осыған орай ҚазАқпарат тілшісі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚО бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбіловпен сұхбат құрып, талай сұрақтың жауабын алған еді.

Ұқсас жаңалықтар
Солтүстік Қазақстанда соңғы үш айда коронавирустан 225 адам қайтыс болған СҚО-да 134 мың зейнеткердің 18 пайызы ғана коронавирус екпесін алған Коронавирус: Өзбекстанда жыл соңына дейін тұрғындардың 80 пайызы вакциналанады

– Өңірде МӘМС қоры арқылы бүгінге дейін қанша адам сақтандырылған?

– Облыста сақтандырылған барлық тұрғын саны – 1 362 205 адам. Олардың ішінен МӘМС жүйесі арқылы сақтандырылған азаматтардың саны – 1 085 475-ке жетіп отыр. Бұл пайызға шаққанда 79,7% құрайды. Біз сақтандырылмаған адам саны бойынша республикада 7-ші орындамыз.

– Облыс бойынша қорға жиналған жарна сомасы қанша?

– Шығыс Қазақстанда жинақталған жарнаның жалпы сомасы 2017 жылдан бастап 2021 жылғы 30 шілдеге дейін 47 млрд теңгеден асады. Ал 2021 жылғы қаңтардан бері санағанда шілде айының соңына дейін 14 млрд теңгеге жуық аударым жасалған.

– МӘМС қоры арқылы сақтандырылған азаматтардың жекеменшік емханаларға барып қаралуына мүмкіндік бар ма?

– Әрине, болады. Мысалы, пациентке бір зертханаға анализ тапсыруға жолдама берілсе, оның өз үйінің маңайындағы немесе жұмысына жақын орналасқан басқа зертханаға барып тапсыруға құқығы бар. Қызметті алғаннан кейін Қордың төлем жүйесінде бірлесіп орындау шарты автоматты түрде қалыптастырылады. Басты шарт – медициналық ұйым МӘМС деректер базасында тұруы және әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша қызметтер көрсетуі тиіс. Бұндай мекемелер тізімін қордың сайтынан (fms.kz) көруге болады.

– Қорға сақтандырылған азаматтардан қандай арыз-шағым, өтініштер түсіп жатады?

– 1406 Call-орталығына облыс бойынша биыл 20 539 қоңырау түсті. Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы 7 516 адам шағымданған. Олардың көпшілігі Семей қаласының № 6 мен № 7 емханаларына, Өскеменнің «Сол жағалау» және № 1 медициналық мекемелеріне қатысты сын айтты.

– Өңірде медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында қандай шаралар қолға алынып жатыр?

– Жалпы МӘМС пакеті: консультативтік-диагностикалық көмек, оның ішінде бағасы қымбат зертханалық қызмет түрлері, ТМККК енгізілмеген сырқаттарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ТМККК пакетіне жатпайтын жағдайларда жоспарлы стационарлық және стацинарды алмастыратын көмекпен қамту, медициналық оңалту және пациент денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған ем-дом түрлерін қамтып отыр. Мемлекеттік мекемелерде КТ және МРТ қызметтерін күту өте ұзақ болған жағдайда, кезекті азайту мақсатында және халыққа осы қызметтердің қолжетімділігін арттыру үшін медициналық ұйымдар пациенттерді бұл қызмет түрін көрсететін басқа жеке ұйымдарға жіберуі керек. Күту уақыты нормативтік-құқықтық акті бойынша 10 күннен аспауы қажет.

– Коронавирус жұқтырып алған азаматтар оңалтудан өту үшін не істеуі керек?

– Ең алдымен, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге хабарласыңыз. Ол оңалту дәрігерінің немесе мультидисциплинарлық топтың кеңесіне жолдама береді. Сол жақтағы мамандар жағдайды бағалайды және қалпына келтіру шараларының қажетті курсын таңдайды. Олар тыныс алуды қалыпқа келтіруге, асқынуларды азайтуға, өмір сүру сапасын арттыруға және мазасыздық пен депрессия белгілерін жеңілдетуге бағытталған. Көрсетілімдер болған кезде үйде емделген және медициналық ұйымдарға жүгінбеген азаматтар да оңалтудан өте алады.

– Әңгімеңізге көп рахмет!


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT