Коронавирустан жазылған елордалық: Өмір сүргім келетінін түсіндім

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қалалық көпбейінді №1 ауруханада коронавирус індетінен толық сауыққан соңғы пациент бүгін үйіне шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауырып қалғанымды білген сәтте мамандандарға жүгінсем, емделіп шығамын деген үміт болды. Жасым 53-те, үрейге бой алдырған жоқпын. Жалпы өзімді жайсыз сезіну маусымның 28-і күні басталған еді. Бастапқы уақытта үйде ем ала бастадым. Алғашқыда жөтел қысып, одан кейін денем ауырсынып, әлсіздік пайда болды. Содан кейін иіс сезуден қалдым. Тамыз айының басында ауруханаға жүгіндім», - деді ауруханадан шыққан елордалық Баян Сүбханқұлова БАҚ өкілдеріне.

Оның айтуынша, ауруханаға келген кезде компьютерлік томография жасалып, өкпесінің зақымданғаны анықталған.


«Жалпы, мен үйден көп шыға бермеймін, отбасымызбен режимді сақтаймыз. Алайда бір жерде вирусты жұқтырып алғаным анық. Ауруханаға жатқызылған соң емдеу шараларының бәрін алдым. Кез келген адам өмір сүру үшін жанталасады. Мен де өмір сүргім келетіндігін түсіндім. Алдағы уақытта мұндай індетпен ешкімнің ауырмауын тілеймін. Ағзам күшті, маған бұл вирус жұқпайды деп ойлаушы едім. Ойымның ағат екендігін ауырып тұрғаннан кейін түсіндім. Ауру-сырқаусыз өткізген әр күнім үшін қуанамын», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар