Коронавирустан жазылған америкалық қазақстандықтарға кеңес берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - COVID-19 коронавирусына шалдығып, емделіп шыққан америкалық қазақстандықтарға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

АҚШ-та 140 мың адам инфекция жұқтырды. Нью-Йорктің науқастарға толы ауруханалары барлығын орналастыра алмай жатыр. Көптеген адамдар дәрігерлердің нұсқауымен аурумен үйде оқшауланып күресіп жатыр.

Нью-Йорк тұрғыны Марисса Котэ солардың бірі. Әйел ауру белгілері ерекше болмағандықтан COVID-19-ға тапсырған тесті оң нәтиже береді деп күтпеген. Жөтелмеген және тыныс алуы нашарламаған. Марисса бір аптадан кейін өзін жақсы сезіне бастаған, бірақ толықтай сауығып кеткенше үйде оқшауланған.

Марисса Котэ үйде қалу керектігін атап өтті. Жас келіншек «Хабар-24» телеарнасының эфирінде біздің еліміздің азаматтарына өз кеңесін айтты.

«Мен қазақстандықтарға мынадай кеңес бергім келеді – көңілді болып жүру аса маңызды. Сұйықтық көп ішіңіздер, дәрумендер мен дәрігерлер жазып берген дәрі-дәрмектерді іше беріңіздер. Үйді толықтай – барлық заттарды дезинфекциялау қажет. Белгілі болғандай, көптеген адамдар жазылып келе жатыр», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар