Коронавирустан соңғы бір күнде тағы 22 науқас қайтыс болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 15 мамырдағы ақпарат жарияланды.

15 мамырдағы мәлімет бойынша, 39 316 адам коронавирус инфекциясынан (38 769 КВИ+ және 547 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 14 033 пациент стационарда, 25 283 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

• 798 адамның жағдайы ауыр

• 185 пациенттің жағдайы өте ауыр

• 107 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Айта кетейік, соңғы тәулікте 22 науқас коронавирустан көз жұмған.


Соңғы жаңалықтар