Коронавирустан көз жұмған медқызметкердің басқа да аурулары болған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өткен онлайн брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирустан қайтыс болған аурухана қызметкері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көз жұмған әйел Орталық клиникалық аурухананың шаруашылық жағында қызмет істеген.

Пациент COVID-2019 инфекциясына қарсы ДСМ белгілеген хаттама бойынша ем қабылдаған.

«Халық арасында №12 аталып кеткен Орталық клиникалық аурухананың шаруашылық бөлімінің қызметкері 16 мамырда біздің қалалық клиникалық инфекциялық ауруханада қайтыс болды. Жалпы ем-шаралар ҚР ДСМ бекіткен протоколға сай толық жасалды. Бұл кісінің бойында басқа аурулар болатын», - деді Тілеухан Әбілдаев.

Басқарма басшысының айтуынша, бұл дерек қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасында комиссия тарапынан қаралып, қорытындысы ҚР ДСМ жіберілді.

«ҚР ДСМ емдік профилактикалық ұйым департаменті тарапынан қорытынды шешім қабылданғаннан кейін қандай себеппен қайтыс болғаны анықталатын болады», - деді Т.Әбілдаев.

Алматыда Орталық қалалық клиникалық аурухананың лифтері коронавирустан қайтыс болғаны туралы кеше жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар