+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Коронавирустан көз жұмған әйелмен пойызда бірге болған 2 қостанайлық карантинге жабылды

2020 жылғы 28 наурыз 18:56
Бөлісіңіз:
Коронавирустан көз жұмған әйелмен пойызда бірге болған 2 қостанайлық карантинге жабылды

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысында коронавирустан қайтыс болған әйелмен пойызда бірге болған екі адам карантинге жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 27 наурыз күні Арқалық қаласы мен Жітіқара ауданында екі адам ауруханаға жатқызылды.

«Олардың коронавирустан қайтыс болған әйелмен бір пойызда болғаны анықталды. Жолаушылар Ақмола облысынан келе жатқан. Екеуінен де COVID-19 талдаулары алынып, теріс нәтиже көрсетті. Бұл адамдар барлық карантиндік мерзімде медицина қызметкерлерінің қадағалауында болады», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясынан бір әйел қайтыс болды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT