Коронавирустан көз жұмған әйелмен байланыста болғандардың тест нәтижесі жарияланды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Коронавирустан көз жұмған әйелмен қарым-қатынаста болған адамдардың тест нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жедел штабтың Телеграмм парақшасына сілтеме жасап.

Алматы облысында коронавирустан көз жұмған әйелмен қарым-қатынаста болған 7 адам анықталды. 27 наурыз күні түнде 4 адамның тест сынамаларының нәтижесі шықты. Олардың коронавирус жұқтырмағаны анықталды. Алайда олар әлі де дәрігерлердің бақылауында болады. Қалған адамдардың тест нәтижесі әлі дайын емес.

Естеріңізге салсақ, 26 наурыз күні елімізде әйел адам коронавирус дертінен көз жұмды. Ол Ақмола облысы Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны. 13-17 наурыз аралығында Алматыда және Шуда қонақта болған.



Соңғы жаңалықтар