Коронавирустан көз жұмған әйел тұрған үй дезинфекцияланады - Серік Омарханов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирустан көз жұмған 64 жастағы әйелмен жақын араласқандар анықталды. Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Науқаспен жақын араласқан адамдар анықталды. Олар отбасы мүшелері және науқас жатқан №2 көпсалалы облыстық аурухана. Онымен байланыста болған адамдар ауруханаға жатқызылып, зертханада тексеруден өтті. Олар медициналық бақылауда болады», - дейді Серік Омарханов Хабар 24 телеарнасында өткен онлайн брифингте.

Жерлеу рәсімі өткеннен кейін марқұм әйел тұрған үй дезинфекцияланады.

«Қазіргі уақытта эпидемияға қарсы шаралар жүзеге асуда. Жерлеу рәсімі өткеннен кейін қайтыс болған әйел тұрған үйге толық дизенфекция жасалады. Дизенфекцияны Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық сараптама орталығы жүргізеді»,- дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясынан бір әйел қайтыс болғаны туралы жаздық.


Соңғы жаңалықтар