Коронавирустан қорғану үшін созылмалы ауруы бар адамдар нені ескеруі керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирустан қорғану үшін созылмалы ауруы бар адамдар нені ескеруі керек? Бұл сұраққа Нұр-Сұлтандағы Көпсалалы медициналық орталығына қарайтын қалалық инфекциялық орталықтың басшысы Татьяна Цечоева жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус өршіп тұрған уақытта созылмалы ауруы бар адамдарға нені ескеруі керек? Ең бірінші кезекте бұл санаттағы азаматтар оқшаулануы тиіс. Яғни инфекцияны жұқтырарлық қауіпті орындарға барынша бармауы керек. Созылмалы ауруы бар адамдарда коронавирустың алғашқы белгісі пайда болса, бірден медицина қызметкеріне жүгінген абзал. Дәрігер оны емдеудің әдістемесін айқындайды. Пациент үйде емделеді, болмаса стационарға жатқызылады», - деді Татьяна Цечоева ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Дәрігер сонымен қатар коронавирус адамның тыныс жолын қабындыратынын айтып өтті. Оның сөзінше жалпы коронавирус жұқтырған адамда мультижүйелі қабыну күшейеді.

«Адамның дене қызуы парацетомолдан басылмаса бірден дабыл қағып, жедел жәрдем қызметіне хабарлау керек. Сондай-ақ кеуде ауырласа – ол тромб түзілілісінің пайда бола бастағанын білдіреді. Ол кезде де бірден дабыл қағу керек. Одан бөлек тыныс алу жиілесе, яғни дем алыс минутына 20-дан асып кетсе де жедел жәрдем шақырған абзал. Бұл сипмтомдар пневмонияның күшейіп бара жатқанын білдіреді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар