Коронавирустан қорғану құралдарын сатып алуға қанша қаржы бөлінді
«Жұмысты, несиені, бизнесті уайымдамаңыздар. Мемлекет ешкімді тастамайды, көмектеседі. Зейнеткерлерге дәрі апаруға, мұқтаж жандарға азық-түлік апаруға көмектесеміз. Бұған дейін бірнеше рет айтқанымыздай, жұмыстан босағандар немесе ақы төленбейтін демалысқа шыққандар мемлекет тарапынан төлем алады», - Дәурен Абаев Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте.
Сондай-ақ, ол осындай жағдайда мемлекет тарапынан қанша қаржы бөлінгендігін айтты.
«Бүгінгі таңда Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатып алуға резервтен 14,7 миллиард теңге бөлді. Оған қоса дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне және коронавируспен күресіп жатқан адамдарға жеке қорғаныс құралдарын сатып алу үшін 21, 4 миллиард теңге бөлінді. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдіктеріне жеке қорғаныс құралдарын, дәрі және медициналық құралдар сатып алуға 10, 7 миллиард теңге қарастырылған», - дейді ол.