Коронавирустан кейінгі синдром деген не

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы № 36 қалалық емхананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Хабиба Мұсаева ҚазАқпарат тілшісіне коронавирустан кейінгі синдром туралы айтып берді.

«Постковидты синдром» термині аурудың өткір кезеңі аяқталды, бірақ пациент әлі дұрыс қалпына келмеді дегенді білдіреді.

Хабиба Мұсаеваның айтуынша, COVID-19 жұқтырғандардың барлығы дерлік постковидты синдроммен ауырады.

«Әзірге бұл нақты диагноз емес. Коронавирустан кейінгі синдром психикалық бұзылулармен ғана емес, көптеген соматикалық асқынулармен де сипатталады. Бауыр, бүйрек және мидың зақымдалуымен аутоиммунды реакцияларда кездеседі. Сонымен қатар, COVID-19-ның орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Коронавирус дертімен ауырып шыққан адамда, мазасыздану, ұйқы қашу, уайымдау, шошу, торығу пайда болады»,- дейді дәрігер.

Оның айтуынша, Астения - біртіндеп nсихопатологиялық бұзылысты дамытады, дененің көптеген ауруларымен бірге жүреді.

«Астения шаршауды көрсетеді, ақыл-ой мен физикалық өнімділіктің төмендетед. Ауру барысында психологиялық және психиатриялық көріністерден басқа, біз постковидты синдромда симптомдардың тұтас кешенін көреміз. Бұл бірінші рет 2020 жылдың жазында байқалды. Мәселен иіс сезудің бұзылуы бірнеше аптаға, тіпті айларға созылуы мүмкін. Сонымен қатар, микроневрологиялық белгілер пайда болуы мүмкін «, - дейді спикер.

Сонымен қатар, ол коронавирустан жазылып шыққан пациенттерге міндетті түрде дәрігерге қаралып тұруға кеңес берді.

« Коронавирустан кейін, денсаулығыңызда қандай да өзгерістер байқалса, дәрігерге жүгінген абзал. Мамандар үшін постковидтық синдромы бар адамдар ауыр контингент болып саналады. Мұндай науқастар соматикалық бұзылуларды түзету үшін, мүмкін, ұзақ мерзімді оңалтуды қажет етеді «,-деді Хабиба Мұсаева.

Сондай-ақ дәрігер қазіргі уақытта коронавирустың әр түрлі штамдары бар болғандықтан адамдар инфекцияны қайта жұқтырып алуы мүмкін екенін еске салды.

«Сондықтан, ең алдымен, өзіңізді вакцинамен қорғау керек. Сіз басқаларды тек екпе алу арқылы ғана қорғайсыз. Адамдар өліп жатыр. Коронавирус -өте қорқынышты инфекция», - деп қорытындылады ол.


Соңғы жаңалықтар