Коронавирустан кейін қандай науқастар оңалтумен қамтылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңалту көмегі жөніндегі ұлттық үйлестіруші Айгүл Хасенова постковидті сауықтырумен қай науқастар қамтылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оңалту іс-шараларына тоқталатын болсақ, бірінші кезекте өкпесі 25 пайыз зақымданған пациенттер, сондай-ақ қандай да бір ілеспе ауруы болғандар ескеріледі. Екінші категорияда ілеспе ауруы болмаса да, өкпесі 50 пайыз зақымданғандар қамтылады», - деді А. Хасенова онлайн режимде өткен талқылау барысында.

Оның айтуынша, науқастың жағдайына қарай сауықтырудың тұтас бағдарламасы назарға алынып, бағаланады.

«Бірінші кезекте адамдар тыныс алу гимнастикасымен қатар, ем қабылдайды. Мұнымен қоса, механотерапия, физиотерапия секілді қадамдар болады. Бұл тұрғыда оңалту ұзақтығы 14 күн және одан да көп мерзімде жүргізіледі», - деді Айгүл Хасенова.

Айта кетейік, бұған дейін Айгүл Хасенова Қазақстанда қандай аурулар кезінде оңалту көмегі ұсынылатынын айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар