+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Коронавирустан кейін бедеулікке шалдығу ықтималдығы қандай - сарапшы жауабы

2021 жылғы 4 тамыз 18:14
Бөлісіңіз:
Коронавирустан кейін бедеулікке шалдығу ықтималдығы қандай - сарапшы жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, профессор Ләззат Ералиева коронавирустан кейін бедеулікке шалдығу ықтималдығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте 1954 адам коронавирус індетінен емделіп шықты Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші жарияланды Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 240 миллионнан асты

Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде БАҚ өкілдері «Қазақстанда коронавирус инфекциясының салдарынан бедеулікке тап болған адамдар бар ма?» деген сауал қойды.

«Өкінішке қарай, ондай статистика бар. Мен экстракорпоралды ұрықтандыру орталықтарында тексеруден өтіп жатқан адамдардың ішінде коронавирус инфекциясынан кейін аспермияға, яғни сперматозоидтардың болмауына ұшыраған ер адамдар бар екенін білемін», - деп түсіндірді сарапшы.

Оның айтуынша, ағзадағы бұл ақауды жоюға болады.

«Бақытымызға орай, үш-төрт айдан кейін жағдай жақсарады. Бірақ сперматозоидтардың саны ауру жұқтырмай тұрған кезге қарағанда әлдеқайда төмен болады. Қазір мұның бәрі зерттеліп жатыр. Мұның әлі тың деректер екенін түсінулеріңіз керек», - деді Ләззат Ералиева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT