Коронавирустан қайтыс болған Түркістан облысының тұрғыны Алматыдан келгенін жасырған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында коронавирустан көз жұмған науқасқа қатысты мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 23 адам расталды. Оның ішінде Жетісай ауданында - 11, Кентау қаласында – 2, Арыс қаласы – 1, Ордабасы ауданында – 1, Сарыағаш ауданында – 1, Мақтаарал ауданында – 4, Сайрам ауданында – 2 адам анықталды. Осы адамдарда вирус анықталып, 1 адамның өлімі тіркелді. Олар осыған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыста болған», - деді Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы міндетін атқарушы Сәуле Жамалова «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен.

Сонымен қатар ол індет жұқтырғандар оқшауланып, ем қабылдап жатқанын жеткізді. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

«Өкінішке қарай, бүгін таңертең Түркістан облысында коронавирус індетінен Жетісай қаласының 1956 жылғы азаматы қайтыс болды. Науқас 29 наурызда ауруханаға жатқызылған. Науқастың қосалқы ауруы – қант диабеті. Барлық сынымалар алынып, емдік шаралар жүрізілді. Науқастың жағдайы нашарлап, бүгін таңертең көз жұмды», - деді С. Жамалова.

Белгілі болғандай, науқас 15 наурызда Алматыдан келгенін жасырған.


Соңғы жаңалықтар