+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерлерін еске алу шарасы өтті

2020 жылғы 22 қазан 15:01
Бөлісіңіз:
Коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерлерін еске алу шарасы өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерлерін еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Қазақстанның 3 қаласында бастауыш мектеп оқушылары толықтай қашықтан оқытылады Вакцина коронавирустан 100% қорғай ма – профессор жауабы Жамбыл облысына 72 жастағы қарт коронавирустан айықты

«Өзгені құтқарып, өз жанын пида еткен» атты акция аясында пандемия кезінде көз жұмған ақ халаттылардың туған-туыстарына төсбелгілер табысталды. Елімізде қауіпті індет өршіген тұста Түркістан облысында 32, ал Шымкент қаласында 21 аурухана қызметкері қайтыс болған еді. Олардың қатарында дәрігерлер мен медбикелер, тазалық қызметкерлері мен жүргізушілер бар. «Оңтүстік» медицина қызметкерлері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шара барысында марқұмдардың ерен ерлігі сөз болып, бір сәт үнсіздікпен еске алу рәсімі өтті. Әруақтарға арналып құран бағышталып, ескеркіш тақтайшаға гүл шоқтары қойылды. Жиынға қатысқан туған-туыстарына «Өмір үшін», «Алтын дәрігер» және «Мейірім» төсбелгі-медальдары тапсырылды. Мұндай бастамаға көпшілік ризашылығын білдіріп, өз ұсыныстарын ортаға салды. Акцияны ұйымдастыруға «DENSAULYG» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің кәсіподағы мен өзге де кәсіподақ ұйымдары атсалысты.

Айта кетейік, бұған дейін пандемия кезінде Түркістан облысы бойынша қаза тапқан медицина қызметкерлерінің отбасына кәсіподақ ұйымы атынан көмек ретінде 100 мың теңгеден берілген болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT