Коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің барлығының отбасына өтемақы төленді - ДСМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кәсіби қызметін атқару барысында коронавирус жұқтырған 8 863 медицина қызметкеріне өтемақы төленді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде індет жарияланған сәттен бері 12 983 денсаулық сақтау қызметкері коронавирус жұқтырып алды. Олардың ішінде өңірлік комиссиялар кәсіби қызметін атқару барысында COVID-19-ға және өкпе қабынуына шалдығуға қатысты өтінімдердің 72 пайызын немесе 9 309 жағдайды нақтылады. 21 қазандағы дерекке сәйкес, кәсіби қызметін атқару барысында COVID-19-ға шалдығудың нақтыланған жағдайлары бойынша 8 863 медицина қызметкері өтемақы алды. Бұл нақтыланған 9 309 өтінімнің 95 пайызын құрайды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол кәсіби қызметін атқару барысында коронавирусты жұқтырудан қаза тапқан 182 медицина қызметкеріне қатысты жайтты өңірлік комиссиялар қарап, оң шешім қабылдағанын айтты.

«Бүгінгі күні қаза тапқан медицина қызметкерлерінің барлығының отбасылары өтемақы алды», - деді Марат Шоранов.


Соңғы жаңалықтар