+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Коронавирустан қайтыс болған адам донор бола ала ма

2020 жылғы 22 мамыр 16:14
Бөлісіңіз:
Коронавирустан қайтыс болған адам донор бола ала ма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық кардиохирургиялық орталығының басқарма төрағасы Юрий Пя коронавирустан қайтыс болғандардың донорлығы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен панедмия кезіндегі жүрек пен өкпе трансплантациясы мәселелерін талқылайтын халықаралық топтың мүшесімін және біз коронавирустан қайтыс болғандардың ағза мүшелерін алу мәселесін жиі талқылаймыз. Менің жеке пікірім - әр науқасты дербес қарастыру. Органға мұқтаж адамның санаулы күні қалса, бұл ота оның ұзағырақ өмір сүруіне мүмкіндік берсе, тәуекел ету керек. Бұл - менің жеке пікірім. Адам өмірін тіпті 1 күнге ұзартуға мүмкіндік берсе, бұл мүмкіндікті пайдалану керек», - деді Юрий Пя кардиохирургиялық орталықта өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, КВИ пандемиясынан бүкіл әлемде орган трансплантациясы мәселесі қиындай түскен.

«Халықаралық топ мүшесі болғандықтан, өзге елдермен ақпарат алмасып отырамыз. Көптеген елдер донорлық органдарды жеткізу шектелгендіктен, тұтас бағдарламаны уақытша тоқтатты. Ал донорға мұқтаж аса ауыр жағдайдағы науқастар әлі де бар», - деді Ю. Пя.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Медицина, Коронавирус,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT