Коронавирустан емдеу процесіне қандай препарат қамтылған - Басқарма басшысының жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдеу процесінде дексаметазон препараты қамтылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы комиссия коронавирус инфекциясына шалдыққандарды емдеу хаттамасына үнемі өзгертулер енгізіп тұрады. Сондықтан бекітілген хаттамаға сәйкес жұмыс істеп жатырмыз. Қабынуға қарсы дексаметазон препаратына тоқталсақ, бізде мұндай препарат бар. Инфекция асқынған кезде консилиумның шешімімен, әріптестеріміз ем-дом процесінде аталған дәрі-дәрмекті пайдаланады», - деді С. Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бұдан бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында Ұлыбритания ғалымдары дексаметазон инфекциясын жұқтырғандар арасында өлім-жітімді төмендететінін жариялаған еді.

Айта кетейік, Сәуле Қисықова коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар бірінші кезекте не істеу керектігін түсіндірді.

Оның сөзіне қарағанда, дене қызуы 38 градустан жоғары болса, 500 миллиграмнан парацетамол және күніне бір рет аспирин (150 миллиграм) қабылдауы керек.


Соңғы жаңалықтар