НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 23 қаңтардағы соңғы ақпарат жарияланды.
23 қаңтардағы мәлімет бойынша, 146 273 адам коронавирус инфекциясынан (–144 799+ және 1 474 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 9 747 пациент стационарда, 136 526 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
• 361 адамның жағдайы ауыр,
• 121 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 70 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.