Коронавирустан емделіп жатқандардың арасында 53 адамның жағдайы өте ауыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5 наурыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 18 882 адам короновирус инфекциясынан (13 236 КВИ+ және 5 646 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Олардың арасында 4 506 пациент стационарда, 14 376 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 226 адамның жағдайы ауыр;

• 53 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 50 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар