Коронавирустан емделіп жатқан Борис Джонсон ауруханадан шықты

None
None
ЛОНДОН. ВВС-ҚазАқпарат – Коронавирусқа шалдыққан Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон Лондондағы Сент-Томас ауруханасынан шықты, деп хабарлайды ВВС.

Даунинг-стриттің хабарлауынша, премьер-министр дәрігерлердің кеңесі бойынша жұмысына әзірге оралмайды.

«Борис Джонсон көрсеткен көмегі үшін Сент-Томас ауруханасының барлық қызметкеріне алғыс айтты» делінген мәлімдемеде.

Еске сала кетейік, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон 27 наурызда өзінің коронавирус жұқтырғанын растаған еді. Ол содан бері оқшауланып, мемлекетті үйінен басқара бастаған.

6 сәуірде жағдайы нашарлаған премьер ауруханаға жатқызылды .


Соңғы жаңалықтар