Коронавирустан емделіп жатқан 405 науқастың жағдайы ауыр
2022 жылғы 22 қаңтар 10:38

Коронавирустан емделіп жатқан 405 науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 22 қаңтардағы ақпарат жарияланды.

22 қаңтардағы мәлімет бойынша, 135 963 адам коронавирус инфекциясынан (–134 456+ және 1 507 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 9 241 пациент стационарда, 126 722 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

• 405 адамның жағдайы ауыр,

• 104 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 57 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Jańalyqtar

MURAǴAT