Коронавирустан емделіп жатқан 200 адамның жағдайы нашар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сқатау министрлігі 23 қарашаға арналған коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта коронавирустан 11 386 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Оның арасында 644 бала бар.

Стационарларда 3 225 науқас жатыр. 8 161 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 200 адамның ахуалы нашар.

Соның ішінде 30 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр.

22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар