Коронавирустан емделіп жатқан 1 105 пациенттің жағдайы ауыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 16 қыркүйектегі ақпарат жарияланды.

16 қыркүйектегі мәлімет бойынша 74 492 адам коронавирус инфекциясынан (66 006 КВИ+ және 8 486 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 13 853 пациент стационарда, 60 639 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

- 1 105 адамның жағдайы ауыр

- 321 пациенттің жағдайы өте ауыр

- 194 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар