Коронавирустан емделіп шыққан ақтөбелік үйінде бақылауда болады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – 22 наурыз күні індетке шалдыққан ақтөбелік сауығып, ауруханадан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

22 наурыз күні сағат 06:05-те Мәскеу арқылы Испаниядан келген ақтөбеліктен коронавирус инфекциясы анықталған болатын. Бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев оның емделіп шыққанын хабарлады.

«Ақтөбеде эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Қазіргі кезде инфекциялық, провизорлық және карантиндік госпитальде барлығы 226 адам жатыр. Үйдегі карантинде 763 тұрғын бар. Стационарда жатқан 11 науқастан коронавирус инфекциясы анықталғаны белгілі. Бүгінде 9 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, біреуінің жағдайы ауыр, біреуінде орташа ауыр. Бір науқас айығып шықты. Хаттамаға сәйкес ем толық жүргізілді. 15-16 тәулікте анализ алынып, вирус анықталмады. Ал 17 тәулікте еш шағым айтпады, тағы 14 күн үйінде бақылауда болады», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.


Соңғы жаңалықтар