Коронавирустан емделгендер аспиринді дәрігердің рұқсатымен ғана қолдану керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирустан емделгендер аспиринді дәрігердің рұқсатымен ғана қолдану керек. Бұл туралы «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының» бөлім меңгерушісі Айнұр Тәуекелова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавируспен ауырған адамның бойын әлсіздік билеп, күш-қуаты жетпейтін күй кешеді. Жұмыс істеу қабылеті төмендеп, ұйқысы қашады. Тіпті көру қабілеті, есту қабілеті, есте сақтау қабілеті төмендеп, психикалық мәселе туындайды. Күйзеліске түсіп кететіндер болады, сондай-ақ шаш көп мөлшерде түсе бастайды», - дейді Айнұр Тәуекелова Орталық коммикациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, коронавирустан емделгендер аспиринді дәрігердің рұқсатымен ғана қолдану керек.

«Коронавирустан емделген оң күніне 1-2 рет аспирин ішетіндер бар. Құрамында аспирині бар дәрілерді қолдану қандай созылмалы ауруы бар екендігіне байланысты. Мысалы, науқастың қан қысымы жоғары болса – құрамында аспирині бар дәрілерді ұзақ уақыт бойы ішеді. Ал мұндай дерті жоқ, бірақ қаны қатты ұйып қалған болса – 1-3 ай аралығында ішеді. Қан құрамын үнемі бақылап отыруы керек. Коронавирус барлық созылмалы ауруды қоздырады. Иммунитет төмендеп кететіндіктен, қай жері әлсіз – сол жері ауыратын болады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар