Коронавирустан «Astana»-ның тағы екі велошабандозы жарысқа бармайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – «Джиро д’Италия» веложарысына қатысатын «Astana Pro Team» командасының құрамына өзгеріс енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне қарағанда, велошабандоздар Юрий Натаров пен Вадим Пронский коронавирус жұқтырып алғаны командаластары Жандос Бижігітовпен жақын байланыста болған. Ж.Бижігітовтен COVID-19 симптомдары байқалып, тапсырған сынамасы да оң нәтиже көрсеткен еді.

Осылайша, Юрий Натаров пен Вадим Пронскийді италиялық Гранд-Турда Йонас Грегаард Вилсли мен Родриго Контрерас алмастырады.

«Юрий Натаров пен Вадим Пронскийді алмастырғанымыз өте өкінішті. Себебі олар осы жолы алғаш рет «Джиро д’Италияға» қатысуы тиіс болатын. Бірақ жарыстың протоколы қатаң. Тіпті жігіттерде ешқандай симптом болмаса да, олар командалас әріптестеріне вирус жұқтыруы мүмкін еді. Жандос Бижігітовтің тез арада сауығып кететініне күмәніміз жоқ. Себебі ол келесі жарыстарға қатысуы керек. Шабандоздарымызды алмастыруға тура келгеніне қапалымыз», – дейді «Astana Pro Team» бас менеджері Александр Винокуров.

Бұған дейін белгілі болғандай, жолдағы велоспорттан өтіп жатқан Әлем чемпионатының алдында тағы бір шабандоз Алексей Луценко COVID-19 вирусын жұқтырып алған. Қазіргі таңда Луценко екінші рет сынақ тапсырып нәтижесін күтуде.


Соңғы жаңалықтар