Коронавирустан әлемде өткен аптада 9000 өлім тіркелді
2022 жылғы 27 мамыр 12:27

Коронавирустан әлемде өткен аптада 9000 өлім тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кейінгі аптада әлемде коронавирус инфекциясынан өлім саны 11%-ға азайды. Өткен аптада 9 мың өлім тіркелген. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

«Коронавирустың «Омикрон» нұсқасы және басқа да түрлері көбінесе жеңіл не орташа формада өтеді. Сондықтан, көп жағдайда коронавирус пен тұмауды шатастырып, ПТР тестілеуге жүгінбейді. Осыған байланысты аурудың объективті жағдайын ауруханаға жатқызылған науқастар мен өлім көрсеткіштері негізінде ғана бағалауға болады. Өткен аптада әлем бойынша коронавирустан 9000 өлім тіркелді, ал соңғы 7 күнде бұл көрсеткіш 11%-ға төмендеді», - делінген ВАК хабарламасында.

Бұған дейін хабарланғанындай, пандемия басталғалы бері әлемде аталған індеттен 6,2 млн адам қайтыс болды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT