Коронавирустан 2 адам қайтыс болды – министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирустан 2 адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрлік 1 тамыздағы тәулік ішінде тіркелген мәліметті ұсынды. Оған сәйкес, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 33 жағдайы анықталды, өлім жағдайлары болған жоқ. Жалпы, пандемия басталғалы пневмониядан 5357 адам қайтыс болды.

Ал коронавирустан 2 адам көз жұмды. Бүгінге дейін вирустан 13 666 адам қайтыс болды.

3 тамыз таңында таратылған ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанда қазіргі уақытта коронавирустан 27 747 адам (–27 498+ және 249 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 1 505 пациент стационарда, 26 242 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:

- 32 адамның жағдайы ауыр;

- 8 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.


Соңғы жаңалықтар