Коронавирустан 1 науқас қайтыс болды – министрлік

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство дерегінше, індеттен елімізде 1 науқас қайтыс болды. Коронавирус пневмониясы 3 адамнан анықталды.

Қазір өңірлерде коронавирустан 15 832 адам, соның ішінде 15 598-і коронавирустан (КВИ+) және 234-і коронавирус пневмониясынан (КВИ-) емделіп жатыр. 338 пациент стационарда жатса, 15 494 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 14 адамның жағдайы ауыр,

- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.


Соңғы жаңалықтар