+7 (701) 759 90 19
USD 420.32 EUR 509.34
RUB 5.7 CNY 64.85
Jańalyqtar

«Коронавируссыз саяхатта»: ЕАЭО-да туристерге арналған жаңа қызмет сынақтан өткізілуде

2020 жылғы 5 желтоқсан 18:49
Бөлісіңіз:
«Коронавируссыз саяхатта»: ЕАЭО-да туристерге арналған жаңа қызмет сынақтан өткізілуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық одақ елдері «Коронавируссыз саяхатта» деп аталатын туристерге арналған жаңа қызметті сынақтан өткізуде. ҚазАқпарат бұл туралы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі Қазақстан Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия (ВАК) ақпаратына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде ЕАЭО-ның үш мүшесі – Армения, Беларусь және Ресей коронавирус індеті кезінде Одақ ішіндегі шекараларды бюрократиялық кідіріссіз кесіп өтуге мүмкіндік беретін жаңа қосымшаны сынақтан сәтті өткізді.

Жақын арада бұл қосымша Қазақстан азаматтарына да қолжетімді болмақ.

Жүйе қалай жұмыс істейді?

Азаматтың COVID-19-ға тест нәтижесі мобильді қосымшаға келеді. Бұл QR-код арқылы ұшып шыққан жері бойынша да, келген жері бойынша да әуежайларда қосымша тестілеуден өтпей-ақ шекараны кесуге мүмкіндік береді. Бұл жоба ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің таяудағы отырысында қаралған.

Мәселен, мобильді қосымшаға жөнелтілу елі және баратын елдің аты, сондай-ақ ПТР-тест нәтижесінің деректері енгізіледі. Бұл мәліметтер ЕАЭО елдерінің электрондық зертханаларының бірыңғай электрондық жүйесінде сақталады. Зерттеу нәтижелері QR-кодқа енгізіледі. Оны шекарада көрсету қажет.

«COVID-19-сыз саяхат» қосымшасы сынақтан сәтті өтті. Қосымшаны ЕАЭО елдерінде күнделікті пайдалану туралы шешім үкіметаралық деңгейде қабылданатын болады», - делінген ВАК ақпаратында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT