Коронавируспен ұзақ уақыт ауыру жағдайлары: ДДСҰ мәселені зерттеуге кірісті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ғалымдар тобы коронавирус инфекциясымен ұзақ уақыт бойы ауыру жағдайларын зерттеуге кірісті. Зерттеу мақсаты – осындай науқастарды тексеру және емдеу үшін ұсынымдар әзірлеу, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ Жаңалықтары сайтына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының айтуынша, инфекциядан «жазылғандардың» басым бөлігі айлар бойы әлсіздік, тыныс алуда проблемалар сезініп, неврологиялық белгілер пайда болады. ДДСҰ коронавирустың ұзақ уақытқа созылған белгілерін «постковидтік жағдай» деп атауды ұсынды.

Бірінші қадам жасалды – енді қалың жұртшылық ауруға шалдығып жазылғандардың жағдайы ерекелеу не «қарапайым көңілсіздік» емес, аурудың салдары екенін білді. Дегенмен, ғылыми ортаның осындай пациенттерді емдеу және олардың жағдайын бағалаудың стандартталған қадамдарын әзірлеуге білімі жетпей отыр.

Дұрыс шешімдер қабылдауға көмектесетін ғылыми базаны кеңейтуге ДДСҰ-ның ғалымдар тобы, респираторлық және инфекциялық аурулармен айналысатын бірқатар арнайы халықаралық медициналық ұйым кіріседі.

Ғалымдар зерттеудің бірінші фазасында постковидтік пациенттердің жағдайын бағалау критерийлерін, ал екіншісінде – бұл белгілерді қалай тануға болатынын анықтайды.


Соңғы жаңалықтар