Коронавируспен сырқаттанушылық 2,4 есе төмендеді - Цой

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы айда елімізде коронавируспен сырқаттанушылық 2,4 есе төмендеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қыркүйектің басымен салыстырғанда сырқаттанушылықтың күнделікті деңгейі 2,4 есе төмендеді. Бір ай ішінде таралу индексі – бірден төмен. Инфекциялық төсек-орындардың қамтылуы 39 пайыздан 33 пайызға дейін, реанимациялық төсек-орындардың қамтылуы 40 пайыздан 31 пайызға дейін төмендеді», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар Алексей Цой ауыр науқастар санының төмендеуі де байқалатындығын айтты.

«Соңғы айда ауыр және өте ауыр науқастар саны 2 есе азайды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар