Коронавируспен күреске жұмылдырылған медицина мамандарының жалақысы көбейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус инфекциясына байланысты төтенше жағдай режимінде жұмыс істеп жүрген медицина мамандарының еңбекақысы 2-3 есе артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп «Qazaqstan» телеарнасындағы «Ashyq alan» бағдарламасында айтты.

«Әрине, дәрігерлерге Үкімет тарапынан қолдау көрсетуіміз керек. Өйткені майданның алғашқы шебінде инфекциялық ауруханалардағы дәрігерлер, инфекционистер, жедел жәрдем, медбикелері тұр. Сол себепті Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтің тікелей бұйрығымен осы мерзімде ынталандыру және көмек бағдарламасы бойынша олардың айлықтарын 2-3 есе көтеріп отыр. Бұл тек қана санитарлық дәрігерлер, инфекционистер сынды инфекциямен күресіп жүрген мамандарға байланысты», - деді Д. Ахметшәріп.


Соңғы жаңалықтар