Коронавируспен күреске МӘМС жүйесінен 187 млрд-тан астам теңге бөлінген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен жылы коронавирус инфекциясымен күрес шеңберінде іс-шараларды қаржыландыру үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен 187,7 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Желтоқсандағы болжамды соманы қоса есептегенде: медицина қызметкерлеріне үстемақыға – 110,9 млрд теңге, медициналық көмекке және КВИ таралуын тоқтатуға – 53,9 млрд теңге бөлінді. Провизорлық, карантиндік және инфекциялық стационарларға 384 мың адам емдеуге жатқызылды және емделді. ПТР диагностика қызметіне – 19,7 млрд теңге қарастырылып, 1,9 млн-нан астам ПТР-тест өткізілді. Мобильді бригадаларға 3,2 млрд теңге бөлініп, 550 мыңға жуық шақыруға қызмет көрсетті», - дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.


Соңғы жаңалықтар