Коронавируспен күреске бөлінген қаражат қайда жұмсалып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Коронавируспен күреске бөлінген қаражаттың қайда жұмсалып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Коронавирус инфекциясы мен вирустық пневмонияның таралуына қарсы күрес шараларын жүргізуге жалпы 102,8 млрд теңге қарастырылған. Наурыз-шілде айларында оның 76 млрд теңгесі төленді. Оның ішінде 57 млрд теңге – медициналық қызметкерлерге үстемеақы ретінде төленді. Карантиндік, провизорлық госпитализация мен коронавирус инфекциясын емдеуге 16,1 млрд теңге жұмсалды. Елімізге ПТР сынақтарын сатып алуға осы қаражаттан 2,9 млрд теңге бөлінді. Және қазіргі уақытта Қазақстанда үш мыңнан астам медициналық бригадалар қызмет көрсетуде, оларға 24 млн теңге жұмсалды», - деп жауап берді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тілші сұрағына.

Айта кетейік, 11 қыркүйектегі мәлімет бойынша елімізде COVID-19-ға шалдыққандардың жалпы саны 106 661-ге жетті. Оның ішінде жазылып шығу көрсеткіші 94,1 пайызды құрады немесе 100 409 адамға жетті.

Соңғы бір тәулікте Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының бірде-бір оқиғасы тіркелген жоқ.

Коронавирустың жаңа толқынына дайындық қызу жүріп жатыр.

Сонымен бірге, Бағдат Қожахметов демалыс күндеріндегі карантиндік шектеулер қашан алынатынын түсіндірді.



Соңғы жаңалықтар