Коронавируспен күреске бөлінген қаражат қайда жұмсалады - Біртанов жауап берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавируспен күреске бөлінген қаражаттың қайда жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл Денсаулық сақтау министрлігінің емес, Үкіметтің қызметтік пайдалану режіміндегі қаулысы. Шынымен де айтып берер едім, бірақ оған менің құқығым жоқ», - деді министр Үкімет отырысы алдында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, еліміз бойынша ауқымды диагностика жүрізілетін болады.

«Толықтай алғанда, қаражат бетперде, костюм, көзәйнек, зарарсыздандыратын құралдар, зертхана, тепловизорлар, диагностикалауға арналған зертханалық жабдықтар сынды қорғаныс заттарын сатып алуға жұмсалатындығын айта аламын. Себебі ауқымды диагностика жүргізіледі. Дәрігерлерден бөлек, шекарашыларға арналған да бар. Ал бұл қызметтік ақпарат», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар