+7 (701) 759 90 19
USD 418.41 EUR 507.95
RUB 5.69 CNY 64.76
Jańalyqtar

Коронавируспен күреске атсалысқан ШҚО тұрғындары марапатталды

2020 жылғы 4 желтоқсан 05:21
Бөлісіңіз:
Коронавируспен күреске атсалысқан ШҚО тұрғындары марапатталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавируспен күресуге атсалысқан кәсіпорын басшылары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, коронавирус инфекциясымен күресуге атсалысқан ірі кәсіпорын басшыларына «Халық алғысы» медалін табыс етті.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы індетпен күресте еліміздегі ірі кәсіпорындардың алатын орны ерекше екенін атап өткен. Сіздер әлемді әбігерге салған коронавирус пандемиясы кезінде жұрт игілігіне қызмет етіп, қайсарлық пен мейірімділіктің нағыз үлгісін көрсетіп, халықтың ыстық ықыласы мен шын құрметіне ие болдыңыздар. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жолында белсенділік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіремін», - деді Даниал Ахметов.

Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 инфекциясының бірінші толқынында өңірдің ірі кәсіпорындары барынша қолдау көрсетіп, жағдайды тұрақтандыруға сүбелі үлестерін қосты. Атап айтқанда, «Aitas» АҚ кәсіпорны Семей, Өскемен қалаларында ПТР-зертханаларын ашып, дәрі-дәрмек, залалсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етті.

«Пандемия кезінде өз компаниямыздың атынан 600 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдадық. Соның арқасында республиканың 4 қаласында ПТР-зертханалар аштық. Осындай қысылтаяң шақта халыққа көмектесу - басты міндетіміз. Сондықтан қолымыздан келгенше көмек қолын созуға тырыстық», - деді «Aitas» АҚ бас директоры Серік Толықпаев.

Республика көлемінде медициналық маскалардың тапшылығы кезінде Шығыс Қазақстан бетперделерді тігу ісін қолға алған еді. Миллиондаған дана тапсырысты дер кезінде тігіп, тұрғындарды сапалы өніммен қамтамасыз еткен «СемСпецСнаб» ЖШС еңбегі де бүгін елеусіз қалмады.

«Біздің кәсіпорында 300-ге жуық адам жұмыс істейді. Оның басым көпшілігі әйелдер. Пандемияның алғашқы толқынында олар күн-түн демей бетперделер тікті. Біз індет басталғалы барлығы 2,5 млн-ға жуық маска дайындадық», - деді «СемСпецСнаб» ЖШС директоры Айнұр Қабдылқызы.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, сондай-ақ пандемияға қарсы күрестегі жемісті жұмысы үшін 100 жуық шығысқазақстандық «Халық алғысы» медалімен марапатталған.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT