Коронавируспен күрес: Үкімет басшысы нақты тапсырмалар берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әкімдіктер вакцина алатындардың санын арттыру бойынша іс-шаралар қабылдауы қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық сақтау министрлігіне, әкімдіктерге вакцина алатындардың санын арттыру бойынша іс-шаралар қабылдауды және өңірлерге вакцинациялау жоспарына сәйкес вакцинаны жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне медиа-жоспарды жаңартуды және Денсаулық сақтау министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп вакцинациялаудың маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуды жүктеді.

«Денсаулық сақтау, Цифрландыру, Ішкі істер министрліктері, «Атамекен» палатасы, өңірлердің әкімдіктері сәуірдің соңына дейін бизнес субъектілерінің қызметін жаңарту және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін «адамдардың шоғырлану орындарын анықтау карталарын» енгізу мен мобильді мониторингтеу топтарының тиімділігін жақсарту мақсатында барлық өңірлерге «Ashyq» жобасын енгізсін», - деген Премьер-Министр бұл тапсырмалардың орындалуын бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа жүктеді.


Соңғы жаңалықтар